«Жұлдызай-26» ұлттық инклюзивті ойындары Астанада еліміздің түкпір-түкпірінен келген балалардың басын қосады
2026 жылғы 14–16 қазан аралығында Астана қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 10–16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді біріктіретін «Жұлдызай-26» ұлттық инклюзивті ойындарының республикалық жарыстары өтеді. Биыл қатысушылар спорттың тоғыз түрі бойынша бақ сынайды: жеңіл атлетика, мини-футбол, блайнд-футбол, үстел теннисі, шоудаун, ұлттық спорт түрлері — асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ және киберспорт. «Жұлдызай-26» ойындарының ерекшелігі


