«Жұлдызай» Ұлттық Инклюзивті ойындары еліміздегі 10-16 жас аралығындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер қатысатын жалғыз кәсіби спорттық жарыстар болып табылады.
«BI–Жұлдызай» Корпоративтік қоры көп жылдар бойы ерекше балалардың өмірін жақсартуға және шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға бағытталған шығармашылық, спорттық, медициналық және әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің соңғы Жолдауында атап өткендей, «спорт және дене шынықтыру қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс, ал ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін олардың дамуы мен толыққанды өміріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, арнайы клубтар мен оңалту орталықтарын құру қажет». Осылайша, «Жұлдызай» инклюзивті ойындары спорт дағдыларын дамытуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік бере отырып, ерекше балаларға жағдай жасайды.
2 қазан күні сағат 11:00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Жұлдызай» Ұлттық Инклюзивті ойындарының ашылуы өтеді.
Жарыс спорттың 9 түрі бойынша өтеді: «шағын футбол», «үстел теннисі», «шоудаун», «жеңіл атлетика», «голбол», «бочча», «бес тас» және «асық ату»,»тоғызмқұмалақ» ұлттық ойындары.
Биылғы жылы Халықаралық паралимпиада комитеті мойындаған Зағип және нашар көретін адамдарға арналған бейімделген үстел ойыны болып табылатын «шоу-даун» ойыны ойындар тізіміне енгізілді. Оны «соқыр үстел теннисі» деп те атайды. Шоу-даун — бұл жай ғана спорт емес, ерекше балаларға жаңа мүмкіндіктер ашатын инклюзивті құрал.
«Жұлдызай» ойындары ҚР Туризм және спорт министрлігінің «ҚР –дағы 2025 жылғы спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспарына» енді. Ойындардың жеңімпаздары халықаралық жарыстарға қатысып, спорттық разрядтар ала алады. «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындарының бас серіктестері BI Group құрылыс холдингі, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры болып табылады. Инклюзивті ойындарды өткізуді ҚР Ұлттық паралимпиада комитеті, өңірлердің әкімдіктері және олардың Спорт және білім басқармалары, сондай-ақ спорт федерациялары қолдады. Ойындардың ақпараттық серіктесі «Qazsport» телеарнасы.
